«Қожа Ахмед Ясауи мұрасы және қазақ халқының рухани мәдениеті»

14.06.2022

Көрулер: 2575

Құрметті әріптестер!

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті әл-Фараби орталығымен бірлесіп, Сіздерді «Қожа Ахмед Ясауи мұрасы және қазақ халқының рухани мәдениеті» атты вебинар топтамасына қатысуға шақырады.

Вебинарлар 2022 жылдың 14-30 маусымы аралығында өтеді.Ясауи ілімі және оның шығармашылық мол мұрасы адамзат руханиятынан, соның ішінде қазақ халқының дүниетанымынан орасан зор орын алатын феномені. Ясауи мұрасы тарихи тұрғыдан құрушы рөл атқарса, болашақта тап болуымыз мүмкін әп түрлі рухани күйзелістер мен сын-қатерлерге төтеп беруге септігін тигізетін қалқан іспеттес. Вебинар топтамасының басты мақсаттарының бірі осы ілімнің өміршеңдігін және әр заманда актуалды болып қала беретінін еске алу және баяндамаларды мұрағаттау болмақ. Втвлмыш вебинарларды ұйысдастырудағы тағы бір маңызды тұсы Йасауи идеяларының қазақ халқының рухани-интеллектуалдық мәдениетіндегі сабақтастығын көрсету. Және де жаңа буын ғалымдар мен зерттеушілерге Ясауидің шығармашылық мұрасы бойынша болашақ зерттеулердің бағыттарын айқындап беру.

Спикерлер: Ясауитану ғылымының Қазақстандағы көрнекті өкілдері, ғалым-профессорлар.

 

Ұйымдастырушылар: Философия және саясаттану факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әл-Фараби орталығы 

 

Адрес: Әл-Фараби кітапханасы, әл-Фараби даңғ, 71/27

Байланыс номері: 8 (727) 377-33-33 (1698), 8 (727) 377-33-33 (1397)

E-mail: al-farabi@kaznu.edu.kz