«Отыз жылдыққа отыз апталық» шарасы аясында «Шеберлік сағаттары» бағытындағы бұқаралық дәріс өтеді

29.04.2021

Көрулер: 2177

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыз жылдыққа отыз апталық» шарасы аясында «Шеберлік сағаттары» бағытындағы бұқаралық дәріс өтеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және РФ Мұсылмандары Діни Басқармасымен (РФ МДБ) бірлесе отырып «Сенімнің жаңаруы қазіргі заманның міндеті ретінде: 21 ғасырдың контексті мен болашағы» тақырыбында профессор Дамир Мухетдиновтің дәрісі оқиды.

Хазрат Дамир Мухетдинов - РФ Мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары (РФ МДБ), Санкт-Петербург және Ленинград облысы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы (Санкт-Петербург және Ленинград облысының имам-мухтасибі), Мәскеу Ислам институтының ректоры, Халықаралық мұсылман форумының жауапты хатшысы, СПбМУ-дағы Ислам зерттеулері орталығының директоры, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің заңнамасы мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі комиссияның мүшесі, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс тобының мүшесі, саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор.

Дәріс аралас форматта (онлайн және офлайн) өтеді және трансляциясы әл-Фараби орталығының фейсбук парақшасында https://www.facebook.com/alfarabicenter2020/,

ютуб арнасында https://www.youtube.com/channel/UCnqjLqISNMLZ8Fua8BG1GLw

көрсетіледі.

Бұл кездесуді Халықаралық әл-Фараби орталығы және Философия және саясаттану факультетінің Дінтану мәдениеттану кафедрасы ұйымдастырады. Кездесудің ZOOm ID нөмірі: 873 1852 7386

https://us02web.zoom.us/j/87318527386