Әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік жұмыс міндеттерін атқаратын мамандарды даярлау

29.01.2021

Көрулер: 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы UNICEF-тің қолдауымен «Көші-қон процестерінде балаларды қорғау жөніндегі UNICEF-ЕО бағдарламасы аясында Қазақстандағы әлеуметтік нормалар мен мінез-құлықты өзгерту бойынша жеке деңгейде және қауымдастықта өзара әрекеттесу үшін базалық құзыреттерді ескере отырып, әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік жұмыс міндеттерін атқаратын мамандарды дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламаларын жетілдіру» халықаралық жобасын іске асыруда.

Жоба Колумбия университеті әзірлеген оқу пакетін бейімдеуге және «әлеуметтік жұмыс» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, тұлғааралық коммуникацияларды қалыптастыру бойынша кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған.