Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күніне арналған дөңгелек үстел өтеді

23.08.2019

Көрулер: 2146

Құрметті ханымдар мен мырзалар! Сіздерді 2019 жылы 28 тамызда өтетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз. Дөңгелек үстел Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің, ҚР-дағы БҰҰ Ақпараттық Бюросының және ҚР-дағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылады.

1989 жылдың 29 тамызында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигоны жабылды. Бұл күн Қазақстанның бастамасы бойынша Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында бекітілді. БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ-ның, әлем мемлекеттерінің, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың планетадағы ядролық сынақтарды тоқтату ісінде күш-жігерін жандандыруға шақырды.

Дөңгелек үстел жұмысының мақсаты халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша диалогты еліміздің жас буынын белсенді тарту арқылы дамыту болып табылады. Ядролық қарусыз әлем – бұл тұрақты әлемге, жалпыға ортақ қауіпсіздік пен жердегі тұрақтылыққа сенімді жол.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласында тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың, ғылыми және академиялық қоғамдастықтың, жастар ұйымдарының, азаматтық қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

  • Дөңгелек үстелдің өтетін орны: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, БҰҰ ғимараты, конференц-зал, 2 қабат.
  • Дөңгелек үстел өтетін күні – 28 тамыз 2019 ж.
  • Дөңгелек үстел жұмысының басталуы
  • Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс
  • Байланыс үшін:  Салтанат Сабитова, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігінің екінші хатшысы, 8-701-550-5855, Лейла Деловарова, UNAI Hub жетекшісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 8-701-365 8808.

www.kaznu.kz