ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

03.04.2019

Көрулер: 2678

24-27 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.) Стамбул Университеті Фараби Еуразия ғылыми зерттеулер Орталығы (Түркия, Стамбул), Айтматов Академиясы (Лондон, Ұлы Британия), Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (Тараз қ.) бірлесіп ұйымдастыруымен дәстүрлі ХХІІ «Аханов оқулары» аясында өтетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және белгілі түркітанушы ғалым Алтай Сәрсенұлы Аманжоловтың 85 жылдық мерейтойына орай Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы шеңберінде «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ» атты Халықаралық воркшоп (workshop) өтеді.

Өтетін мезгілдері:

  1. 24-25 сәуір 2019 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы, әл-Фараби кітапханасы, 402 зал.

Өтетін уақыты: 14.00 – 18.00

  1. 26-27 сәуір 2019 ж. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ., мәжіліс залы.

Өтетін уақыты: 10.00 – 13.00

қосымша 1.docx