«Бір белдеу - бір жол»

02.04.2019

Көрулер: 2535

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы» мен Ухань университетінің «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы» 2016 жылы қол қойған ынтымақтастық келісімшарты негізінде, 2019 жылдың 3-4 мамыр күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Бір белдеу - бір жол» және «Нұрлы жол» жобаларының концепциясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Шараның мақсаты: «Бір белдеу - бір жол» мен «Нұрлы жол» жобаларына қатысты танымды тереңдету, жан-жақты талқылаулар арқылы Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын, туындаған мәселелері мен даму болашағын саралау, екі елдің ғылыми алмасуларын ілгерлету және достық қарым-қатынас пен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдері.

www.kaznu.kz

Рәсімдеу ережесі.docx