Тәжірибелік-өнеркәсіп алдын ала іске қосылады
Көрулер: 2919
2018 жылдың 31 қазанында ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шара нәтижелерін коммерциализациялау бағдарламасы бойынша орындалатын «Арнайы мақсатты полиэфирлі шайырлар өндірісінің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру» жобасы аясындағы полиэфирлі шайырлар тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін алдын-ала іске қосу шарасы өтеді.
Жоба АҚ «Ғылым қоры» және ЖШС ВАСТЕ жеке серіктестердің қаржылық қолдауымен іске асырылады. Технология жасаушысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми зерттеу институты. Негізгі мақсат әр түрлі композициялық және құрылыс материалдары, шыны пластиктер, жасанды тас, автокөлік шанақтарының бөлшектері, радиоэкрандайтын жинақтар және басқа да өндірісте пайдаланылатын арнайы мақсатты полиэфирлі шайырлар алу болып табылады.
Өтетін орны және уақыты: Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы, өнеркәсіптік аймақ 71, ғимарат 43






