ISESCO cеминарs
Көрулер: 3044
2018 жылдың 24-26 қыркүйегінде ҚазҰУ-да «Климаттың өзгеруі мен биоалуанүрліліктің төмендеуі жағдайындағы биосфералық резерваттар» тақырыбында халықаралық семинар және жұмыстық кездесу өтеді.
Іс-шара ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақтылық бойынша ғаламдық хабы, ИСЕСКО – Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО), Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы және Қазақстандағы ЮНЕСКО «Адам және биосфера» бағдарламасының ұлттық комитеті.
Семинар ISESCO-ға мүше мемлекеттердегі климаттың өзгеруіне қатысты биосфералық қорларды басқаруды жетілдіруге бағытталған. Биосфералық қорықтарды және биоалуантүрлілікті сақтап қалу жолында қолданыстағы тәжірибелерімен бөлісе отырып ұлттық жетістіктер жайлы ақпараттар алмасу іс-шараның басты міндеттерінің бірі болмақ. Семинар қатысушыларға тұрақты даму мақсатында өңірдегі ортақ мәселелерді анықтауға және оларды жою әдістерін талқылауға мүмкіндік береді.
Семинар жұмысына ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комитеттердің Марокко, Түркия, Индонезия, Египет, Пәкістан, Қытай және ТМД елдерінің өкілдері және сарапшылары қатысады.






