Posco стипендиясы конкурсына қатыс
Көрулер: 7059
Халықаралық ынтымақтастық департаменті POSCO Asia Fellowship стипендиясына конкурс ашылғандығын хабарлайды.
POSCO Asia Fellowship стипендиясы шығармашылық әлеуеті жоғары талантты студенттердің өз саласында көш басшы болуына ықпал ету мақсатында беріледі
ҚАТЫСУШЫЛАР
Өнер және дене шынықтыру мамандықтарынан өзге салада білім алатын 2, 3 және 4 курс студенттері
Мемлекеттік грант негізінде білім алушы студенттердің өтініштері конкурсқа ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ
Ағылшын тілін білу міндетті
КОНКУРС ҮШ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:
- ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАСТЫРУ
Студенттер резюмелерін (көрсетілген нұсқада) және транскрипттерін факультеттердің ҒИЖжХБ декан орынбасарларына өткізеді; әрбір факультеттен 5-10 студенттің құжаттары факультет және ХЫД қарауынан өтіп Posco Daewoo Корпорациясының Алматы қаласы бөліміне тапсырылады. (Мерзімі 12 қыркүйекке дейін)
- ЭССЕ және ИНТЕРВЬЮ (ҚазҰУ базасында)
Таңдаулы 50 студент 30 минут ішінде берілген тақырыпта ағылшын тілінде Эссе жазу сайысына қатысады. Эссе тақырыбы сайыс күні беріледі және жазу мен аналитикалық ойлау қабілеттерін тексеруге арналған. (1 қазан)
Таңдаулы 20 студент ағылшын тілінде интервьюге қатысады. (5 қазан)
- ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ/СТИПЕНДИЯ ТАБЫСТАУ
Үздік 15 студентке POSCO Asia Fellowship стипендиясы табысталады. Стипендия студенттерге оқу бағдарламасының соңына дейін беріледі. (800 USD жылына)
Өзін көрсете білген үздік студентке Posco Daewoo Корпорациясының Алматы қаласы бөлімінде 3 айлық тәжірибеден өтуге және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.
Қажетті ақпарат бойынша
Сыртқы байланыстар басқармасына хабарласуға болады
+7 727 221 11 66, 221 16 66






