ҚР әскери-әуе күштерінің ғарышкері Айдын Айымбетов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен кездеседі.

10.11.2015

Көрулер: 2164

Кездесу қазақтың үшінші және Қазғарыштың тұңғыш ғарышкері Айдын Айымбетовтың 2015 жылы 2 қыркүйек күні Халықаралық Ғарыш Бекетіне(ХҒБ) жасаған сапарына байланысты ұйымдастырылып отыр. Кездесу аясында Айдын Айымбетов студенттермен жүздесіп, ҚазҰУ нано-лаборатория, ғылыми-техникалық парктың жұмысымен танысып, бірегей әл-Фараби кітапханасын аралайды.

Айдын Айымбетовтің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары дайындаған «Кулонов плазмалық кристалы» атты ғылыми тәжірибесіне қатысқандығын атап өту керек. Ол кейіннен ғарышкердің ұшу бағдарламасына енген болатын.

ҚазҰУ-дың жас ғалымдары отандық ғарышкерлер сапары алдында әзірленетін ғарыш тәжірибесі бағдарламасына тартылды. Айталық, олар көміртегі наноқұрылымдар негізінде антифрикциялық материалдар жасау жобасын дайындауда. «Плазмалық кристалл-4» бағдарламасы, сондай-ақ нанокөміртегі материалдары мен сезімтал графенді құралдар бойынша зерттеулер жүргізуде.

Өтетін орны: әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат, мәжіліс залы

Өтетін уақыты: 11 қараша, сағат 10:00

Баспасөз қызметі 8(727) 377-31-48