«ЖАНЫМ МЕНІҢ» - КИНО!!!
21.09.20182018 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 16:00-де ҚазҰУ «Керемет» СҚКО кинозалында кинокездесу жобасы бастау алады.
2018 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 16:00-де ҚазҰУ «Керемет» СҚКО кинозалында кинокездесу жобасы бастау алады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық компаниясымен бірлесе «Huawei АКТ Kazakhstan 2018-2019» байқауын өткізеді. Байқауға жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Байқау нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталып, ең үздік үш студент Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін халықаралық Huawei АКТ конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
2018 жыл Қыркүйектің 20-жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетіндегі «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстан халқы ассамблеясының кафедрааралық ғылыми-білім беру (тәрбие) орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко мен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және де студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесу болады.
2018 жылдың 21 қыркүйегінде ҚазҰУ-да XVI Азиялық сапа бойынша конгресс аясындағы «Жоғары білім жүйесіндегі сапа» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әйгілі жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел Тоқаев – жазушы, журналист, қайраткер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
2018 жылдың 18 тамызында ҚазҰУ-дың Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының ұйымдастыруымен MDP/Global Classroom program on Sustainable Developmen бағдарламасын түсіндіру бойынша ашық есік күндері өтеді.
Әл-Фараби кітапханасы және филология және әлем тілдері факультетінің «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы ұйымдастыруымен Тілдер мерекесі аясында «Полиглот болу – заман талабы» атты дөңгелек үстел өтеді.
Қыркүйектің 17-ші жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы, Жапония жастарының арасында суицидтің таралуын зерттеуге арналған профессор Кен Иноа (Кочи университеті, Жапония) семинарына қатысуға шақырады.
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық факультетінде өтеді.
Өтетін уақыты: сағ: 10.00-де.
Астана қаласында 2018 жылдың 27-28 қыркүйегінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресі өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстандағы әлеуметтанушылар қауымдастығы» (ҚӘҚ) болып табылады.
ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығының 3 тармағына сәйкес, 2018 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 16.00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың есеп беру кездесуі өтеді.