«ЖАНЫМ МЕНІҢ» - КИНО!!!

21.09.2018

Көрулер: 4837

2018 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 16:00-де ҚазҰУ «Керемет» СҚКО кинозалында кинокездесу жобасы бастау алады.

Киноөндірісі әлемде заманауи идеологияны таратушы ең тиімді құрал және оның жастарды тәрбиелеу үдерісінде маңызы зор екендігі белгілі. Осы ретте «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрерменге айтар ойы бар, тәрбиелік мәні жоғары жарық көрген жаңа фильмдерді жастар арасында насихаттау мақсатында және жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін тоқсан сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Керемет» СҚКО кинозалында Кинокездесу өткізу жоспарлануда.

Алғашқы кинокездесу «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп, көпшіліктің көңілінен шыққан «Жаным менің» көп сериялы телехикаясының түсіру тобымен өтеді.

Кездесуде «Qazaqstan» ҰТА Аутсорсингтік компаниялармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Сәуле Жиреншина, аталған фильмнің идея авторы әрі бас продюсері Арман Сқабылұлы, қоюшы-режиссері Бақыттас Санитас, сценарий авторларының бірі Жәмит Көшербаев бастаған түсіру тобы және басты рөлдерді сомдаған Ақнұр Рахатова мен Қуаныш Бейсеғалиев, Талғат Көбеков пен Гүлназ Ауданбаева келеді деп күтілуде.

Кинокездесуде жастар фильмнің түсірілу барысы мен онда басты рөлдерде ойнаған актерлермен көзбе-көз кездесіп, сұхбаттасуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, кездесу барысында фильмнің арнайы көрсетілімі болады.

Кинокездесуді ұйымдастырушылар:

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені

«Керемет» cтуденттерге қызмет көрсету орталығы

«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы.

Кинокездесуге қатысты толық ақпаратты #кинокездесу #kinokezdesu хештегтері арқылы Фейсбук, Инстаграм және т.б. әлеуметтік желілерден немесе www.kaznu.kz порталынан білуге болады.

-----------------------------------------------------------------------------------

Кинокездесудің мекен-жайы:

Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 17 үй. ҚазҰУ «Керемет» СҚКО кинозалы. Телефондар: 8 (727)3773493, ішкі 1640, 87011527807, 87017505034. Е-mail: trk.kaznu@gmail.com