AICT2018 конференциясы өтеді
17.10.201818 қазанда ҚазҰУ-да ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудағы XII Халықаралық конференция (AICT2018) өтеді.
18 қазанда ҚазҰУ-да ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудағы XII Халықаралық конференция (AICT2018) өтеді.
Құрметті ұстаздар, магистранттар және студенттер!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің 3-4 курс студенттері арасында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қылмыстық-процессуалдық механизмі» атты тақырыпта онлайн-семинар өтеді.
MDP/Global Classroom program on Sustainable Development бағдарламасы әл-Фараби атындағы КазҰУ-да бакалавриаттың жоғары курстарында оқитын студенттер, магистранттар және докторанттарды 1 семестр бойы әр сейсенбіде өтетін «Тұрақты дамудың негіздері» атты ашық дәріске шақырады.
Биология және биотехнология факультетіне қарасты Алматы облысы Іле ауданы Жаңаталап ауылында орналасқан Оқу Агробиозертханасы университетіміздің Жаратылыстану ғылымдары факультеттерінің ғалымдары мен студенттерінің ғылыми-инновациялық, тәжірибелік , өндірістік практикасын жүзеге асыратын жеке базасы болып табылады.
10 қазанда ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Түрксой кафедрасы, «Тұран-Иран ғылыми зерттеу орталығы» мен Ыстамбұл университеті филология факультетінің «Қазіргі түркі тілдері» кафедрасымен бірлесіп «Тіл, тарих, әдебиет: ортақ түркілік құндылықтар» атты тақырыпта халықаралық онлайн конференция өтеді.
Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Western Consulting компаниясымен біріге отырып (Kaplan Medical ресми өкілі ретінде) медициналық мектеп оқытушылары, студент, интерн, резидент және медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін IFOM (International Foundation of Medicine) және USMLE (United State Medical Licensing Exam) дайындығы үшін оқыту семинарын жүргізеді.
5 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, заң және халықаралық қатынастар, қылмыстық процесс және криминалистика кафедраларының 4 курс студенттері арасында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша онлайн-семинар өтеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау жобасы аясында «Агроөнеркәсіп кешенінде заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
ҚазҰУ Western Consulting-пен бірлесе отырып 2018 жылдың 8-12 қазаны аралығында медицина саласы қызметкерлерін, студент, интерн, резидент және медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін IFOM (International Foundation of Medicine) және USMLE (United State Medical Licensing Exam) емтиханына дайындау бойынша семинар өткізеді.