Медициналық оқыту семинары

05.10.2018

Көрулер: 3966

Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Western Consulting компаниясымен біріге отырып (Kaplan Medical ресми өкілі ретінде) медициналық мектеп оқытушылары, студент, интерн, резидент және медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін IFOM (International Foundation of Medicine) және USMLE (United State Medical Licensing Exam) дайындығы үшін оқыту семинарын жүргізеді.

Семинар аль-Фараби атындағы ҚазҰУ ішінде лицензиясы бар медициналық емтиханға (IFOM и USMLE) дайындайтын Халықаралық орталық құру мақсатында жүргізіледі.

Семинар осы емтиханды тапсыру үшін түлектер мен студенттерді дайындауға мамандырылған АҚШ медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысуымен жүргізіледі.

Семинар барлық пән бойынша дәрістердің кіріспелі бағамын қамтиды. Дәріс оқушы IFOM және USMLE дайындығына байланысты барлық ұйымдастырушылық сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар оқуды ары қарай жалғастырамын деушілерге дайындалу стратегиясы бойынша жеке кеңес жүргізіледі.

«IFOM және USMLE дайындалу әдістемесі» біліктілігін жоғарылату бойынша куәлік алумен оқуды өтемін дейтін ПОҚ үшін арнаулы дәрістер қарастырылған.

Семинар тілі - ағылшын.

Өткізілу орны: Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ

Күні: 8-12 қазан.

Басты дәріскер Hans Wolf, MD

Dr. Wolf – Флорида штатындағы USMLE дайындайтын Орталықтың басқарушысы, стандартталған тесттерді жүйелік жақындап келуін түсіну үшін студенттерге оңтайлы және тез көмектесуге арналған WOLFPACC бірден-бір әдісінің авторы.

Әр пәнді жеке оқудың классикалық жолынан қарағанда, оқу мүшелер жүйесі бойынша жүргізіледі, бұл фармакология, биохимия, генетика және микробиологияны патофизиология және клиникалық белгілермен біріктіруге болады.

Dr. Wolf - та Wright State University- BS Microbiology бакалавр дәрежесі, из Ross University School of Medicine медицина докторы дәрежесі бар. Ол сонымен қатар хирургия бойынша Wyckoff Height Medical Center (General Surgery) мамандырылған. Dr. Wolf АҚШ әскери-теңіз Флотында әскери дәрігер болып қызмет атқарған, сонымен қатар АҚШ бірнеше медициналық университеттерінде оқытушы, доцент және профессор болып жұмыс жасады.

Dr. Wolf медициналық қызметкерлерді жүйелі дайындауға арналған бірнеше оқу құралдардың, сонымен қатар АҚШ патенті бар клиникалық дағдыларды оқыту әдістемесінің авторы.

Жыл сайын оның дайындау бойынша орталығында АҚШ барлық штатынан 800 жуық студент келіп білім алады.