Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу өтеді
10.09.2019Құрметті ҚазҰУ студенттері!
Сіздерді 2019 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 10.00-де механика-математика факультетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағы үлкен залда өтетін «Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу» мотивациялық тренингіне шақырамыз. Кездесу қонақтары атақты кәсіпкерлер мен блогерлер Гани Абадан, Ержан Рашев, Ларион Лян және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысады.






