"ҚР Конституциясы - мемлекеттің құқықтық бағдары" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді

06.09.2019

Көрулер: 2004

11 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры - Елбасы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің құқықтық бағдары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияға жоғары мемлекеттік сот және құқық қорғау органдарының, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан мен шетелдердің жетекші заңгер ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері қатысады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында конституциялық заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. Қ.М. Мәми, И.И. Рогов, В.А. Малиновский бірлесіп ұйымдасып жазған «Қазақстан Республикасы – конституциянализмді бекіту шежіресі» атты электронды оқулығының тұсаукесу рәсімі өткізіледі.

Сонымен қатар, бұл кездесуде келесідей сұрақтар қарастырылады:

  •         1995 ж. ҚР Конституциясын тікелей жүзеге асыру ерекшелігі
  •          1995 ж. Конституция – ҚР-сының тұрақты дамуын анықтайтын акт
  •          ҚР-ның Конституциясы – ҚР азаматтарының бостандықтары мен құқықтарын қорғау, кепілдік жасау механизмінің негізгі элементі
  •          Конституциялық заңның теориялық, практикалық және тарихи даму мәселелері
  •          ҚР-дағы сайлау жүйесінің мәселелері мен ерекшеліктері
  •          ҚР-дағы заңдық жүйе: даму мәселелері
  •          ҚР-ның мемлекеттік органдар жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздерін жетілдіру
  •          ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы мен қалыптасуы

 

Өткізілетін мекенжайы мен уақыты: Алматы қ., әл-Фараби даң. 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңес залы (15 қабат), 11 қыркүйек 2019 ж. 15:00

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызға болады: 8 (727) 377-33-33 (1255), (1256).

www.kaznu.kz