16 сауір 2014 жыл

2014 жылдың 16 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інде «Экономика» кафедрасының э.ғ.д. профессор Дуламбаева Р.Т. және э.ғ.д. профессор Аубакирова Ж.Я. басшылығымен және «Экономика» мамандығының 2 курс магистранттарының қатысуымен «Еуразиялық Экономикалық Одақ: құру проблемалары мен даму перспективалары» атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Дөңгелек үстелдің негізгі міндеттері:

1) Экономикалық Одақ құрудың мәні, құрылу себептері мен салдарын ашу;

2) Евразиялық экономикалық одақтың алғышарттары, кедендік одақтың жағдайы

3) Евразиялық одақтың Евроодақ шарттарымен ұқсастығы айырмашылықтары

4) Евразиялық одақтан күтілетін экономикалық мүмкіндіктер мен қауіптер.

5) Одақтың негізгі саяси орны мен болашақтағы болжамдары.

Негізгі баяндама оқушы магистранттар:

  1. Сарманов А.С. «Евразиялық одаққа кірудің экономикалық пайдалылығы» тақырыбында баяндама жасады.
  2. Мырзабекова А.М. «Евразиялық экономикалық бірлестіктің құрылу жолы» тақырыбында баяндама қорғады.
  3. Аймашова С.С «Евразиялық одақпенЕвроодақтың артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбындағы баяндамасы.

Жоғарыда көрсетілген магистранттардың баяндамаларын магистранттар мен студенттердің арасында талқылау өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЭжБЖМ-нің және басқа факультет студенттері мен магистранттары.

Берілген мәселенің нәтижесін талқылау қорытындысы келесідей: Евразиялық одақтың құрылуы өз кезегінде әлеуметтік және экономикалық жағынан қауіптерімен өзіндік жақсы жағдайлары бар. Және осы берілген мүмкіндіктерді дұрыс қолдану арқылы экономикалық пайданы арттыруға барлық мүмкіндікті пайдаланып инновациялық дамуды қамтамасыз ету қажет. Елдің экономикалық өсуіне және тауарларын сатуына КО үлкен нарығы мүмкіншілік беріп отыр. Осыны жүргізу әр азаматтың өз пайдасында.