15.05.2012

Дүние жүзі 2012 жылдың 15 мымыр күні халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында жылсайын конференциялар, дөңгелеу үстелдер өтеді. Факультетте 15 мамыр күніне арналған «Қазіргі заман қоғамындағы неке мен отбасы. Неке-отбасылық қатынастағы діннің рөлі» атты тақырыпта халықаралық дөңгелек үстел болып өтті. 2-3 курс студенттері, магистранттар, PhD докторанттар өте қызықты баяндамалар жасады. Пікірталас пен талқылауға факультет оқытушылары, Түркиядан шақырылған ғалым профессор Мехмет Арслан, Оңтүстік Корейден магистрант Ли Ен Джу, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары философия ғылымының докторы Абсаттаров Р.Б., педагогика ғылымдарының докторы Халитова И.Р., Қыздар педагогикалық университетінің профессоры, философия ғылымының докторы Оспанов С.И., психология ғылымдарының докторы, Ташимова Ф.С., Гендерлік зерттеулер Ассоциациясының директоры философия ғылымының докторы, профессор Кодар белсенді қатысты. Бұл шарының мақсаты – студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, неке мен отбасы құндылықтарын арттыру, қоғам мен тұлға үшін неке мен отбасының мәнін көрсету.