Академиялық ұтқырлық

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дамуының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда университетте ішкі және сыртқы академиялық мобильділік бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда.

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ - cтуденттердің шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуы, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың шетелдік білім беру және ғылыми мекемелеріндегі қызмет атқаруы.

ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ - жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында студенттердің білім алуы, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың қызмет атқаруы.