2011 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Рыспаев Асхат Наурызбаевич жұмыс сапарымен болды.

31.10.2011

Көрулер: 6421

Генерал-майор Рыспаев А.Н. әскери кафедраның жаңа оку-лабораториялық корпусымен, мотоатқыштар әскерлерінің оқу-жаттығу полигонымен, атқыштар тирімен және басқада оқу-жабдықтар базасымен танысты.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу және ғылым департаментінің бастығы келесі сұрақтарға ерекше көңіл аударды:

1. Оқу қаруларының жинақтауы, сақталуы және әскери қызметтің ұйымдастырылуы;

2. Оқу процессінің сапалы ұйымдастырылуына керекті оқу-жабдықтау базасының жағдайы;

3. Негізгі оқылатын пәндер бойынша –тактикалық, атыс және техникалық сабақтарының жаттығу дайындықтарға бағытталуына;

4. Әскери кафедрада оқитын студенттерге әскери-патриоттық тәрбиені қарқынды өткізілуіне.