2011 жылдың 3 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасында әскери дайындықтың толық курсынан өткен 200 студент әскери ант қабылдады.

06.07.2011

Көрулер: 7343

2011 жылдың 3 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасында әскери дайындықтың толық курсынан өткен 200 студент әскери ант қабылдады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедра бастығы полковник Степаненко Олег Евгеньевич әскери ант қабылдау рәсімі басталар алдында өзінің кіріспе сөзінде әрбір курсант үшін өз өмірінің ең маңыздысы, әскери кафедраны бітіруші әрбір түлек-курсант Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойымен қатар келген және әл-Фарабидың ескерткішінің алдында бірінші рет екенін атап айтып кетті.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасының орынбасары генерал-майор Саппаров Оқас Базарғалиұлы, Қарулы Күш ардагері генерал-майор Старыш Анатолий Трифоновия, ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс Әскери инженерлік институтының штаб бастығы полковник Кибатаев Көрпеш Мырзаханұлы, Қазақстан халқының ассамблея мүшесі, Қарулы Күш ардагері – полковник Мансуров Қазбек Владимирович, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, РФ әскери ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасының оқытушысы – полковник Ермекбаев Пернехан Әшімбайұлы, университет басшылығы, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Қарулы Күш ардагерлері, студенттердің ата-аналары мен қоғам өкілдері әскери ант қабылдау салтанатты қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің бірінші проректоры, профессор Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы университет басшылығының атынан әскери ант қабылдаған студенттерді шын жүректен құттықтап сөз сөйледі.

Әскери ант қабылдаған курсанттар Шығыстың ұлы ғұламасы әл-Фарабидің ескерткішінің алдына шоқ гүлдерін салтанатты түрде қойды.

Курсанттардың әскери ант қабылдау салтанатты шеруінен кейін, ата-аналар мен келген қонақтарға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамбляның солистері: Бақытбек Қайралапов, Гаухар Жапарова, Асель Рұсқұлбекова, Қайыржан Бердибай қатысуымен концерт берілді. Сонымен қатар әскери кафедраның оқытушысы отставкадағы подполковник Болгов Александр Тимофеевич және әскери кафедра студенттері де концертте өнерлерін көрсетті.

Келген қонақтарға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасының қару-жарақтары мен техникаларының көрмесі қойылды. Келген қонақтарды ҚР ҚК құрлық әскерлерінің ӘШҚҚ қару-жарақтары мен техникаларымен таныстырылды.

Келген қонақтар әскери кафедраның взводтың жауынгерлік қағаздарын, стендтер мен қабырға газеттерін қызықтап, тамашалады.