2011 жылдың 20 маусымы мен 10 шілдесі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасында әскери дайындықтың толық курсынан өткен студенттермен оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

18.06.2011

Көрулер: 6521

2011 жылдың 20 маусымы мен 10 шілдесі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасында әскери дайындықтың толық курсынан өткен студенттермен оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Оқу-жаттығу жиыны Радиоэлектроника және байланыс Әскери инженерлік институтында, Құрлық әскерлер Әскери институтының материалды-техникалық базасында өткізіледі.

Оқу-жаттығу жиынында келесі іс-шаралар

өткізу жоспарланған:

  1. Тәсілдік жаттығу:

а) Батареялы тәсілдік жаттығу – 4-5 шілдеде;

б) Роталық тәсілдік жаттығу – 7 шілдеде.

Өткізілетін орны:

- Батареялы тәсілдік жаттығу - Радиоэлектроника және байланыс Әскери инженерлік институтының оқу-материалды техникалық базасында;

- Роталық тәсілдік жаттығу - Құрлық әскерлер Әскери институтының оқу-материалды техникалық базасында;

  1. Ату қару-жарағымен ату-жаттығуын орындау Құрлық әскерлер Әскери институтының ату алаңында – 28-29 маусымда;
  2. Жауынгерлік көлікті жүргізу практикалық сабақты өткізу Құрлық әскерлер Әскери институтының оқу-материалды техникалық базасында – 24 маусымда және 5 шілдеде;
  3. Әскери ант қабылдау – 3 шілдеде.

Ант қабылдау рәсімі Қазақ Ұлттық университеттің алаңында әл-Фарабидің ескерткішінің алдында.

  1. Бітіру емтиханына дайындалу және тапсыру 8 мен 10 шілде аралығында.

Оқу-жаттығу жиыны Радиоэлектроника және байланыс Әскери инженерлік институтының, Құрлық әскерлер Әскери институтының және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедра офицерлерінің басшылығымен өткізіледі.

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасы, Радиоэлектроника және байланыс Әскери инженерлік институты, Құрлық әскерлер Әскери институты.