"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты ашық эдвайзерлік сабақ
«Механика» мамандығының 2, 4 курс қазақ бөлімі студенттерін Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауымен таныстыру мақсатында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты ашық эдвайзерлік сабақ өткізілді. Студенттерді рухани жаңғыру бағдарламасымен, бағдарламаның басым бағыттары мен міндеттерімен таныстырып, ой бөлісті. Сонымен қатар «Назарбаев моделі» атты кітаптың алғашқы шығарылымымен таныстырылды.
Ұйымдастырушылар: Механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралина Д.Е., эдвайзер Алибаева Қ., магистрант-практиканттар Азимбаев Азтай, Қазақбай Гаухар, Қуан Мақпал.
Publication date : 2/5/2018