Басты бағыт - ғылым

06.10.2016

Көрулер: 3616

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ғылым мен технология және инновация мәселелері бойынша өткен Азия парламентаралық форумына қатысты.

25 елден келген сарапшылар мен парламент мүшелері, халық­аралық ұйым­дардың Астанадағы өкілдері Ислам ынты­мақтастық ұйымына (ИЫҰ) мү­ше мемлекеттердегі білім беру саласы мен ғылыми әлеуетті арттыру бойынша байланысты нығайту мәселесін тал­қылады. Жиынға қатысушылар ИЫҰ мүше мемлекеттердің экономикасына ал­дың­ғы қатарлы технологияларды енгізу мен білімге негізделген қоғамды дамыту мәселелерін шешу жолдарын қарастырды.
«Дамыған мемлекеттердегідей 60% құрастыру жұмыстарына және 20% ғана фундаменталды зерттеуге бағыттау керек. Шығынды басқарудан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұ­мыс­тардың (ары қарай ҒЗТКЖ) нәти­жесін басқаруға көшу керек. Сол кезде инновацияны қаржыландыру бизнестің қатысуымен жүзеге асатын болады. Сәйкесінше инновациялар экономикаға өзі келеді, – деп Ғалым Мұтанов ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруды қайта қарастыруды ұсынды да, халықаралық тәжірибеден мысал келтірді. – Еуро Одақ мемлекеттері орта есеппен ішкі жалпы өнімнің 1,97%-ын, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 2,4%-ын, ал Қазақстан тек 0,3%-ын ғылымға жұмсайды».
 «Қазақстанда ҒЗТКЖ-ны дайындауға арнайы ынталандыру жұмыстарын жүргізу керек. Сондай-ақ, заңнаманы қайта тексеріп, инновациялық серпіліс үшін алаң дайындау қажет», – деп атап өтті ҚазҰУ ректоры. 
Ректор отандық жоғары оқу орында­рының нарықтық инновациялық эконо­ми­каның нақты субъектісіне айналудың маңыздылығын, зияткерлік меншік пен салық салудың өзектілігін атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – зият­керлік корпорация. Мұнда ҒЗТКЖ нәти­желерін экономиканың нақты секторына енгізуге арналған «идеяларды тудыру мен оны коммерциялауға дейін» технология­лық дәліз жұмыс жасайды.
Форум соңында сарапшылар «Ғылым мен технология және инновация сала­сындағы парламентаралық исламдық ын­тымақтастықты нығайту жөніндегі аста­налық декларацияны» қабылдады.