Негізгі бет  →  Факультеттер  →  Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең ежелгі факультеттерінің бірі, 1937 жылы құрылған. Оқыту ісі көпдеңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: бакалавриат; магистратура; PhD докторантура

Бакалавриат түлегі «филология бакалавры» академиялық деңгейі берілетін оқыған мамандығы бойынша квалификацияға ие болады.

Факультетте екі бағыт бойынша магистрлер дайындалады:

1)                             Филология ( профиль бойынша). Ғылыми маманданулары: қазақ әдебиеті, әдебиет теориясы, фольклортану, салыстырмалы әдебиеттану, қазақ тілі, орыс тілі, тіл теориясы;

2)                             Лингвистика (профиль бойынша). Ғылыми маманданулары: қазақ тілі, орыс тілі, тіл теориясы

Факультетте студенттерді негізгі мамандықтар бойынша оқыту ісі екі тілде жүргізіледі: шет тілдердің бірін біле отырып қазақ және орыс тілдерінде.

Факультетте 190 оқытушы, ҚР ҰҒА 3 академигі, ЖМ ХҒА 3академигі, 4 ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, 1 Қазақстанның Халық жазушысы, 11 Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, 37 ғылым докторы, профессорлар; 74 ғылым кандидаты, доценттер қызмет етеді.

Факультетте 8 кафедра бар:

Мемлекеттік тіл кафедрасы;

Гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілі кафедрасы;

Жаратылыстану факультеттеріне арналған шет тілі кафедрасы ;

Қазақ әдебиеті тарихы және әдебиет теориясы кафедрасы;

Қазақ филологиясы кафедрасы;

Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы;

Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы;

Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы.

Факультетте күрделі ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті, біліктілігі жоғары мамандар тобы бар.   
Факультетте: 3 компьютер класы, 2 лингафон кабинеті, 1 Интранет класс, қазақ тілі кабинеті, ағылшын тілі кабинеті, аудиокласс, психолингвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер лабораториясы, қазақ фольклортануының оқу-зерттеу лабораториясы бар.

Факультетте студенттік клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.