Жүз кітап

11.12.2015

Көрулер: 4341

Жақында шығыстану факультеті қытайтану кафдрасының « Шығыстану», «Шетел филологиясы», « Аударма ісі» бөлімдерінің 1, 2 курс магистранттары мен оқытушылары ұйымдастыруымен «Жүз кітап» жобасы аясында белді қытай жазушысы Мо Янның шығармаларын талдауға арналған ғылыми семинар өткізді.

Аталған курстардың топ жетекшісі, доцент А.Кенжебаева «Мо Ян шығармаларындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы» («Қызыл гаолян», «Шараб елі» шығармаларын талдау негізінде) атты ғылыми семинарға келген тыңдармандарды Мо янның « Қызыл гаолян» шығармасының аталу себебі туралы сұрақ қойды. Бұл жайында алуан түрлі пікірлер айтылып, семинар одан әрі қызықты өрбіді. Нобель сыйлығының иегері болған Мо Янның басқа да туындылары :« Шарап елі», « Сарымсақ кәдісі», «Он үш қадам » « Үлкен омырау мен алып бөксе» секілді туындылары талданды. Магистранттар шығарманы оқу барысында өздеріне түсініксіз болған сұрақтарын ортаға салып, талдаудың көркін қыздырды. Магистранттар интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдана отырып жазушының «Қызыл гаолян» («Hong gaoliang jiazu», 1987) романының көркемдік ерекшелігіне талдау жасап, шығарма тақырыбы мен поблематикасын ашып көрсетті. Сондай-ақ 2 курс магистранты Ықыласова Аягүл Мо Ян шығармаларының жетістіктерін айқындап берсе, 1 курс магистранты Байдәулетова Назира Мо Янның «Қызыл гаолян» атты шығарма оқиғасының түйінді мәселесі жайында қысқаша хабарлама жасап өтті. Жазушы шығармаларының тілі мен мазмұны туралы да тың ой қорытулар жасалды. Оқырмандардың әрқайсысы сыни пікірлерімен, ерекше қабілет зейіндерін көрсете білді. Семинар соңында талдау барысында ұтқыр ойларымен көзге түскен оқырмандарды «Болашақ сыншы», «Болашақ қытайтанушы», «Үздік оқырман», «Парасатты оқырман» номинациялары бойынша сертификаттармен марапаттады.