Магистранттар Green – кампус жобасы аясында іс-шара өткізді

14.12.2015

Көрулер: 3536

2015 жылдың 14 желтоқсанында сағат 13:30-де 423 дәрісханада Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 1 және 2 курс магистранттары және топ эдвайзері А.Кенжебаеваның ұйымдастыруымен Green – кампус жобасы аясында «Экологиялық проблемалар және оны шешудің жолдары» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Іс-шараның діттеген мақсаты – жастарды «жасыл экономикаға» өту үдерісіне белсенді тарту, қазіргі таңдағы экологияның түйінді мәселелерін шешу жолдарын іздестіруге жұмылдыру, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға насихаттау, студенттер мен магистранттар бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Осы ретте 1 курс магистранты Андреев Александр «Қазақстандағы экологиялық проблемалар және оларды шешудің тиімді жолдары» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндамашы әсіресе тұрмыстық қалдықтарды бей-берекет тастамай сұраптау қажет, сондықтан әр студент бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру абзал деп ерекше тоқталып өтті. Баяндама барысында жастар ең түйінді әрі өзекті сұрақтарды қойып отырды. Мәселен « Тұрмыс қалдықтарын не үшін сұрыптау қажет?» деген сауалдарға магистранттардың әрқайсысы өз тараптарынан жауап іздеуге тырысты. Баяндамашы сөз соңында : «Болашақ экологиялық даму саласындағы білімді терең игерген жас ұрпақтың қолында. Білімнің бәсекеге қабілеттілігін нақ осы тұрғыда сынға салу ғанибет»,-деп аяқтады. Cеминар әрі қарай пікірталасқа ұласып, «Жасыл кампус» қағидаттарын әрбір студент жан-жақты игеруі тиіс деген ойлар айтылды.

Аталған іс –шараға сондай-ақ шығыстану факультеті деканының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Искакова З.Е. , қытайтану кафедрасының оқытушылары Кенжебаева А., Сапарбаева Н.Б., Арзыкулов А.А., Анипина А.К., Койбакова А.С., Мадиев Д., Абдуракын Н., Керімбаев Е.А, Жүнісбек Г., Шәріпқазы Н, , Түргенбай А. қатысты.