Кәсіби бағдар беру жұмысына ұласқан кездесу

10.12.2015

Көрулер: 3816

2015 жылы 10 желтоқсан күні Алматы қаласы Ахмет Байтұрсын атындағы № 139 мектеп-лицейінің директоры Ерен Қуатбековтың ұсынысы бойынша Әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы "Қазақтың мемлекеттік тарихы және тәуелсіз Қазақстанның дамуы" тақырыбында баяндама жасап қайтты. "Қазақ хандығына 550 жыл" деген атпен өткен кездесу тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Профессор баядамасының соңынан оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға тұшымды жауап берді және мектеп кітапханасына өзінің еңбектерінен 12 кітапты тарту етті.

Сонымен бірге, мектеп түлектеріне кәсіби бағыт беру бойынша нәихатын жүргізіп, гуманитарлық мамандықты таңдаған түлектерді келер жылы университетіміздің қытайтану кафедрасына келіп оқуға шықырды.