"Жаһандану уақытында дамудың негізгі басымдықтары" тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті

30.10.2015

Көрулер: 3036

2015 жылдың 28-қазанында ҚР БҒМ гранты бойынша жүргізілген алдын ала зерттеулердің нәтижесі бойынша «Жаһандану уақытында елдің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамуының негізгі басымдықтары» атты тақырып аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінде дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты − Экономика және бизнес жоғары мектебі ғалымдарының алдын ала зерттеулерінің нәтижесі негізінде турбуленттік сыртқы ортада ұлттық экономиканың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жаңғыртудың басым бағыттарын талқылау.

Дөңгелек үстелді экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Б.Ж.Ермекбаева ашты. Жоба жетекшілері: экономикалық зерттеулер орталығының директоры, э.ғ.д., профессор м.а. Сагиева Р.К., э.ғ.д., профессор Мухамедиев Б.М., э.ғ.д., профессор Мухтарова К.С., э.ғ.д., профессор Х.Н. Сансызбаева, э.ғ.д., профессор М.С. Тулегенова, э.ғ.к., доцент С.К. Джумамбаев, э.ғ.д., профессор м.а. Р.Т. Дуламбаева, э.ғ.к., доцент Г.А. Садыханова, э.ғ.к, доцент м.а. О.В. Бордоусов, PhD С.Ж. Зейнолла сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде өзекті мәселелер кең ауқымда талқыланды.

- Сауда серіктестігіндегі елдердің макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзара байланыстарын модельдеу;

- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудағы инновациялық технологиялар;

- Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік басқару;

- Технологиялық өзгерістер жүйесінде еңбек қатынастары институты;

- Қазақстандық тәжірибедегі жұмыспен қамтудың прекаризация көрінісі;

- Индустриялық-инновациялық даму тұрғысынан ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері;

- Ғылым сыйымдылығы көрсеткішінің қолдану шектерін зерттеу;

- Ашық инновациялық тұжырымдамасын пайдаланудың теориялық негіздері;

- Жалпы факторлық өнімділігін бағалаудағы әдіснамалық тәсілдер;

- Қазақстанның жасыл экономикаға көшу барысындағы энергия тиімділігі индикаторлары мен бэнчмаркинг.