Дін және тәрбие

26.11.2014

Көрулер: 1872

Бүгін 26.11.2014ж Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан «Омар ибн ал Хаттаб» мешітінің имамы Ахметов Қазбек пен найб имам әрі медеу ауданы жастар ісі маманы Жүзей Мырзахмет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті жалпы және этниқалық педагогика кафедрасы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»мамандығының 1-ші курс студенттерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты да тақырыбы да «Дін және тәрбие» болды. Кездесуде имамдар діни тәрбиенің мәнісі мен маңызына, атап айтқанда қазақи тәрбиенің маңыздылығына мән берді. Қазіргі таңда орын алып отырған Ислам атын жамылған теріс ағымдар жайлы әнгімеленді. Студенттер шараға белсенділікпен қатысып, қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.

Ұйымдастырушылар: Қасымова Р.С., Оңалбеков Е.С., Абдуллаева П.Т.