Үздіктер мен лайықтылар марапатталды

20.11.2009

Көрулер: 4125

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры академик Б.Т.Жұмағұлов үздік оқытушыларды, ғалымдар мен университет қызметкерлерін еліміздегі іргелі оқу орынның айтулы мерейтойына орай ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Туризм және спорт министрлігінің төс белгілерімен және дипломдарымен марапаттады. Марапаттау рәсімі механика-математика факультетінің мәжіліс залында өтті. (ҚазҰУ қалашығы).

Университет тарихында тұңғыш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуына қосқан айрықша үлесі үшін» үлкен алтын медалі және «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сіңірген ерен еңбегі үшін» күміс медалдері табыс етілді. Бұл медель туған оқу орнының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін университеттің оқытушылары мен қызметкерлері марапатталды. Биылғы мерейтойлық жылдан бастап, ҚазҰУ-дың алтын және күміс медальдарімен лайықты ғалымдарды, оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттау дәстүрге енбек.

Алғашқы алтын медальмен марапатталғандар - Қазақстанның белгілі ғалымдары, академиктері мен профессорлары: Аққошқарова К. А., Әбділдин М., Әженов М. С., Ибрашев Ж. У., Какішұлы Т., Қасымов К. А., Лукьянов А.Т, Мансұров З. А., Мұсабеков К. Б., Мұхамедиев Б.М., Надирова Г.Е., Сартаев С. С., Чигаркин А.В., Шалекенов У. Х., Шығаева М. Х., Ыдрысов Ә. Ы.

Күміс медаль иегерлері қатарында: Баймұрзин Г.И., Баимбетов Ф., Ғайнуллина Н.И., Жұбанова А.А., Жұмағұлов К.Т., Күмісбаев У., Қайрбаева Р., Құсаинов С.А., Қозыбаев С.Қ., Ни В.Х., Нұршаихова Ж.А., Оспанов С.С., Пузиков М.Ф., бар.

Университеттің оқытушылары мен қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі мерейтойлық шаралар ішіндегі жарқын оқиғалардың бірі болды. еліміздің жоғары білім беру саласына қосқан едәуір үлесі, ғылыми-педагогикалық жетістіктері үшін және ҚазҰУ 75 жылдығына орай университеттің оқытушылары мен ғалымдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР ғылымынана сіңірген еңбегі үшін», «ҚР білім саласындағы құрметті қызметкері» белгілері мен құрмет грамотасымен марапатталғандар қатарында - Ахметова Г.К., Бадаев С., Наурызбаев М.Қ., Паршина Г.Н., Рамазанов Т.С., Тажибаева Т.Л., Шаяхметов С.Б. және т.б. бар.

Ел мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз еңбегі үшін және ҚазҰУ 75 жылдығына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен және құрмет грамотасымен кітапхана мен Студенттер клубының қызметклері марапатталды.

Еліміздің дене шынықтыруды дамытудағы жетістіктері үшін және ҚазҰУ 75 жылдығына орай ҚР спорт және туризм министрлігінің «ҚР спортының құрметті қайраткері» белгісімен және құрмет грамотасымен университет оқытушылары, әйгілі спортшылар мен бапкерлер Байқұлбаев БС., Баимбетов Т.Ш., Носков А.А., Якуба В.И. және т.б. марапатталды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі