«Қазақстандағы мемлекеттік ақпараттық саясат: болашаққа көзқарас» атты республикалық конференция

12.11.2009

Көрулер: 3512

10 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті «Қазақстандағы мемлекеттік ақпараттық саясат: болашаққа көзқарас» атты республикалық конференциясын өткізді.

Конференцияны ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының ішкі саясат басқармасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіндегі ЮНЕСКО кафедрасы, аймақтық әріптестер және Үкіметтік емес ұйымдардың «Әріптес» Алматы Конфедерациясы (АКНО) ұйымдастырып отыр.

Конференцияның пленарлық отырысында ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, профессор Ахметова Л.С. «Журналистерге арналған мемлекеттік ақпараттық саясатты оқыту семинарлары» Жобаны жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасады. Онда ҚР мемлекеттік ақпараттық саясатты түсіндіру бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұғалімдері, жетекші профессорлары мен доценттерінің қатысуымен 7 семинаров-тренинг өткізгендігі туралы айтылған жоба жөніндегі есеп болды.

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің өкілі Лифанова Татьяна «Мемлекеттік ақпараттық саясат: сарапшылар көзқарасы» тақырыбында баяндама оқыды. Таныстыру ретіндегі баяндамада еліміздің 7 аймағында Астана мен Алматы қалаларында, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Орал және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы келтірілген. Әлеуметтік зерттеу шеңберінде ақпарттық кеңістіктің дамуы, еліміздегі мемлекеттік және тәуелсіз БАҚ-тағы сөз бостандығы мәселелері қарастырылды.

Аталған жоба қорытындысы бойынша зерттеу нәтижелері және журналистика саласының кәсіби сарапшыларының пікірі жинақталған кітаптың тұсаукесерін өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік саясаттың басымдығын көрсету мақсатында ақпараттық технологияны пайдалану туралы оқыту модулі мен әдістемелік кепілдемелер дайындалуда.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі