ҚазҰУ спортшылары – V жазғы универсиаданың чемпионы

12.11.2009

Көрулер: 3123

Еліміздің жетекші оқу орны Қазақстан жоо арысндағы V жазғы универсиадасының жеңімпаздар мінберіне шықты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі 63 жоғарғы оқу орын командаларының ішінен командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.

Ерекшеліктерімен назарға іліккен оқу орындарға кубоктар мен медальдар, құрмет белгілері мен грамоталар табыстаған командалық жарыстардың салтанатты мәресі «Баласағұн» концерт залында өтті. Биылғы жарыстардың басты ерекшелігі осы универсиадаға тұңғыш рет 150 мыңнан аса студент қатысып отыр. Олардың ішінде 6 120 спортшы финалға шығып, 1446 медальды өзара бөліске салды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, бағдарлама кірген спорттың 45 түрінен 31-не ең көп адам қатыстырып, оның 7 түрінен бірінші орынды иеленді және олардың 11-і жеңімпаз атанды.

«Казахстанская правда» (07.10.09 ж.) газеті, спортшылар дайындығының жоғары деңгейі, спорттық базалардың жағдайын жасап, жоғары білікті жаттықтырушыларды жинап, спортклубтарын қаржыландыруды жақсартуы, біріншіден ректорлардың ебегі деп жазады.

Универсиаданың «алтынын» жағажай волейболы қыздар командасы (жаттықтырушы Ким Л.Г.), бильярдтан (жаттықтырушы Есберген А.Б.), қылыштасудан (жаттықтырушы Дьяококин В.М.), үстөл теннисі бойынша ерлер және қыздар командасы (жаттықтырушы Бейсалиев Т.М), сонымен қатар кикбоксинг университет құрама командасы (жаттықтырушы Сукиев М.И.) және жеңіл атлетикадан (жаттықтырушы Гребенщиков В.Н., Ерещенко Р.В. и Беседин А.Г.) жеңіп алды.

Университетке ерлер баскетбол командасы (жаттықтырушы Рукасов О.Н.), бильярд (жаттықтырушы Есберген А.Б.), волейбол қыздар командасы (жаттықтырушы Ким Л.Г.) және садақпен ату университеттік құрама командасы (жаттықтырушы Смирнова Э.Я.), ерлер мен қыздар арасында шахмат (жаттықтырушы Носков А.А.), бадминтон (жаттықтырушылары Даулеталиев Ж.М. и Заурбекова Р.П.), каратеден (жаттықтырушы Ахмадиев Т.М.) және жүзу (жаттықтырушы Макашев К.О. и Хохлов А.Г.) сынды түлерінен «күміс» әкелді.

Үлкен теннис (жаттықтырушы Ткаченко М.Б.) пен ерлер арасындағы карате (жаттықтырушы Ахмадиев Т.М.) бойынша университет командалары қола жүлде иегерлері атанды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі