ҚазҰУ студенттеріне POSKO стипендиясы

10.11.2009

Көрулер: 3824

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәжіліс залында Корей Республикасының POSKO сталь құйатын концерні Азиялық қорының POSKO TJ Park Foundation халықаралық ұйымының стипендясын табыстады. Салтанатты табыстау рәсімінің ресми бөлігін өткізу үшін бағдарлама директоры Mr.Yang Jaewoon, сондай-ақ менеджері Ms. Jeong, Sun Hee келді. Салтанатты университеттің бірінші проректоры З.А.Мансұров мырза ашты.

2009-2010 оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 20 студенті стипендия иеленді. Кәріс бөлімінің студенттері, яғни POSKO стипендиясының иегерлері POSKO өкілдерін барлық стипендия иегерлері атынан болашақта оқу үшін нағыз серпін беретін қаржылай қолдағандарына алғысын білдірді.

Корей Республикасының (Kim, Jin Wook, Secretary General) POSKO сталь құйатын концерні Азиялық қорының POSKO TJ Park Foundation халықаралық ұйымының ынтымақтастық жөніндегі келісімшартына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең үздік студенттеріне 20 стипендия бөлді. Гранттың жалпы құны 10 мың АҚШ доллары. Аталған жоба шеңберінде кәріс бөлімі студенттерінің арасында оқуға өтініш беру жөнінде ақпараттық кездесулер және POSKO-ның зерттеу бағдарламаларына өтініш беру (2008 ж. қараша, 2009 ж. ақпан) ориентациялық бағдарлары жүргізілді.

2007 жылы POSKO TJ Park Foundation халықаралық ұйымының студенттік стипендиясын кәріс бөлімінің 5 студенті иеленді, олар: Ахметжанов Тимур («Шет ел филологиясы» мамандығы, 2 курс), Ли Дмитрий («Шет ел филологиясы» мамандығы, 3 курс), Байзақ Нәзира («Шет ел филологиясы» мамандығы, 2 курс), Жақыпова Сағыныш («Шет ел филологиясы» мамандығы, 2 курс), Ким Анастасия («Аударма ісі» мамандығы, 3 курс).

Студенттердің пікірінше, Қор өзге елдің студенттеріне олардың білімдері тек сол елдің ғана емес, бүкіл әлем дамуы үшін қажет екендігін түсіндіру үшін стипендия бөледі. Осы тектес халықаралық стипендиялық бағдарламалар әрбір студент әлемдік қауымдастықтың мүшесі екендігін, оларды білетіндігін және үміт артатындығын көрсетеді.

Студенттер атап өткендей, стипендия, біріншіден, олар үшін оқуларын жалғасытырып, ынталандыратын жақсы серпін. Екіншіден, осы тектес стипендияны алу мүмкіндігі олардың белсенділігін оятып, алдыға қойған мақсатқа ұмтылдырады. Сонымен қатар, бұл стипендия қомақты қаржылай көмек екендігі де маңызсыз емес.

Болашақта ҚазҰУ-дың стипендия иеленген бірқатар студенттері POSKO қоры бөлетін Кореяның алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі Енсей университетінде магистратураны оқуға грант алуды көздеп отыр. Енсей университетінде оқу америкалық бағдарламамен ағылшын тілінде жүргізіледі.

POSKO қорының стипендиясын иелену - бұл көшбасшы болудағы жауапкершілік, оқуда озат болу, өз елінің өмірінде алда болу, сонымен қатар, өз еліне және халқына пайда келтіру. Қордың аталған стипендияны тағайындауы - халықаралық байланыстарды нығайтуда батыл қадам, сондай-ақ жауапкершілікті, қайырымды іс.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі