ҚазҰУ-да ғылыми Intel компаниясы семинар-тренинг өткізеді

05.09.2014

Көрулер: 3253

2014 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 9:00 бүкіләлемдік танымал Intel компаниясының қатысуымен ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің (ауд. №213) KazNU-INTEL жоғары өнімді есептеулер орталығында ғылыми семинар-тренинг өтеді.


Бұл шара 2014 жылдың 26 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов пен Intel корпорациясының Ресей және СНГ бойынша кәсіпкерлікті дамыту жайлы департаментінің директоры А.В.Авдеев арасында іскерлік туралы қол қойылған келісім шарт аясында өткізілмек.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика – математика факультеті мен Математика және механика Ғылыми Зерттеу Институтының ұсынысы бойынша ашылған жоғары өнімді есептеулер KazNU-INTEL орталығының негізгі мақсатының бірі – Intel корпорациясының мамандарының қатысуымен ашық дәрістердің, семинарлардың өткізілуі. Семинар Intel корпорациясының бас техникалық инженері Кирилл Рогожинның қатысуымен өтеді. Семинарға өзге ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері, параллельді есептеулер бойынша оқытушылары, докторанттар, магистранттар шақырылды. Семинарда мамандардың аса қызығушылығын арттыратын Intel Parallel Studio өніміне шолу; Intel параллельді кітапханасы; ТВВ; OpenMP; Cilk Plus; Векторризациялау; SIMD тиімді пайдалану нұсқауы; Intel Inspector XE бойынша параллельді программалар: жадының азаюы, ақпаратты жүргізу, ағындарды өзара шектеу; Intel® Xeon Phi программалауы және т.б. тақырыптары қарастырылады. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Intel компаниясының бірлескен жұмысы университетіміздің заманауи білім беру технологияларын даярлауда, дамытуда үлкен рөл атқарады.

Математикалық және компьютерлік

моделдеу кафедрасы