Құрметті жоғары сыныптың оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар!

14.01.2015

Көрулер: 1470

Байқау мақсаты: студенттер мен оқушы жастардың, мамандардың, білім беру және басқа ұйымдардың жетекшілерінің ең алдымен Ресей мен Қазақстанның, басқа да мемлекеттердің гуманитарлық және әлеуметтік өмір сүру аясының дамуына септігін тигізетін шығармашылық белсенділігін арттыру.

Байқауға жоғары сыныптың оқушылары (10, 11 сынып), мұғалімдер және ғылыми кеңесші болып Білім беру ұйымдарының жетекшілері, басшылар, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар шақырылады.

Байқауға қатысу ерікті түрде болады. Қатысушы жазбаша өтінім арқылы анықталады.

Байқауға авторлық материалдар мен ұжымдық жұмыстар қабылданады (авторлар саны – 3 адамнан аспау керек). Бір автордан келген немесе ұжымдық авторлық жұмыстардың саны – біреуден артық болмау керек.

Байқаудың шарттары:

  1. Байқауға әлеуметтік, экономикалық, гуманитарлық салаға қатысты ойлар қабылданады.
  2. Түсініксіз, анық емес, көмескі жазылған ойларды қазылар алқасы бағаламайды.
  3. Байқауға ұсынылатын ойлар келесі өлшемдерге сәйкес болуы қажет:
  • Сонылық;
  • Маңыздылық;
  • Әлеуметтік, гуманитарлық салалардың дамуына жағымды ықпал етуі;
  • Тәжірибелік артықшылық;
  • Әмбебаптылық;
  • Жеке авторлылық;
  • Қоғамдық маңыздылық.
  1. РФ-ның қатысушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дипломымен марапатталады. ҚР-ның қатысушылары ТюмММГУ-дың дипломымен марапатталады.
  2. Қатысушыларға ұйымдастыру жарнасы:
  • РФ-нан: балалар жұмысы – 500 рубль, студенттерге – 1000 рубль, үлкендерге – 2000 рубль;
  • ҚР-нан: балалар жұмысы – 500 теңге, студенттерге – 1000 теңге, үлкендерге – 3000 теңге;

Сайыс ережелері қосымшада немесе ұйымдастыру комитетінен алуға болады.

Байқау сырттай түрде өткізіледі.

1) Әл-Фараби атындағы ҚаҰУ, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71,

тел.: +7 (727) 3773339 /ішкі 1328/)

2) электронды түрде: e-mail: teorialit@list.ru, nikgol2004@mail.ru.