IAESTE – Халықаралық студенттермен алмасу ассоциациясының бірінші фестивалі

12.08.2009

Көрулер: 3749

Шілденің орта шенінде ҚазҰУ тәлімгерлерінің арасында халықаралық студенттермен алмасу идеяларын насихаттау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде IAESTE техникалық мамандықтары бойынша Халықаралық студенттермен алмасу ассоцияциясының бірінші фестивалі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Б.Т. Жұмағұлов өз сөзінде IAESTE-нің құрылу тарихы мен студенттер белсенділігін, сондай-ақ жалпы және кәсіби білім деңгейін арттырудағы маңызын атап өтті.

IAESTE - бұл техникалық мамандықтар бойынша халықаралық студенттер тәжірибесімен алмасу үшін 1948 жылдың қаңтарында Лондон империялық колледжінің базасында құрылған ассоцияция. Бүгінде оның қатарына әлемнің 68 елі кіріп отыр. IAESTE - бұл жоғары оқу орындарының, өндірістік орта мен студент жастардың мүддесін ұсынатын Ұлттық Комитеттер конференциясы. IAESTE Қазақстан - 1996 жылы Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындары арасындағы қатынасты нығайтуда және біздің еліміздегі іскерлік ортамен байланыс орнатуда алтын діңгегіне айналған Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының негізінде құрылды. Ассоциация президенті болып 2009 жылы Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы таңдалды.

Бүгінгі таңда қазақстандық 550 жасты шет елге жіберсе, 350 шет ел студентін қабылдады. IAESTE бағдарламасы болашақ кәсіби біліктілікті арттыруда және қазақстандық жастарға шет елде бағын сынап, өз істерін тәжірибеде дәлелдеп, біліктілігі жоғары маман болуға қолайлы жағдай туғызып отыр.

IAESTE бағдарламасы қазақстандық студенттерге таңдаған мамандықтары бойынша нақты іспен тәжірибелік біліктілігін арттыруда, әлемдік даму тенденциясын сіңіруде мол мүмкіндіктер береді. Халықаралық тәжірибе оларға талаптың күшейген қарқынды даму үстіндегі қоғамда әлемді және өзін өзі тануға жәрдемдеседі. Яки, IAESTE бағдарламасы инженер мамандықтары бойынша (кәсіби немесе ғылыми) студенттер алмасуын еңбекақы төлеу шарты арқылы жүзеге асырады, яғни толық оқыту курсы бойынша шет елде тәжирибеден өтем деушіге жақсы жағдай жасалған.

Соңғы кездері өндірістің түрлі салалары бойынша компьютерлік технология сынды көпшілікке белгілі мамандықтарға (Internet беттерін құру, Business-Internet), экология, механика, тамақтану өнеркәсібі технологиясы (наубайханалық, пивоашыту, табак өндіру және т.б.) және де басқа көптеген шет елде оқыту орнын алып жүрміз. Біздің студенттеріміз танымалы кәсіпорындарында тәжірибеден өтіп келеді. Атап айтар болсақ, Швеция (Volvo), Швейцария (Hilti & OpenText AG)., Австрия (Flextronics International GmbH), Австралия және Ұлыбритания (British American Tobacco).

Бағдарламаға ағылшын тілін еркін меңгерген, барлық пәндер бойынша үлгерімі жоғары, кем дегенде екі жыл оқу курсын тәмамдаған мемлекеттік немесе жекеменшік оқу орындарының студенттері қатыса алады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі