Рекреациялық география және туризм кафедрасы экскурсия ұйымдастырды

25.10.2013

Көрулер: 2752

24 қазан күні «Экскурсиятану» пәнін оқу барысында алынған біліктіліктерді тәжірибе жүзінде пайдалану мақсатында рекреациялық география және туризм кафедрасымен Алматы қаласы бойынша оқу, шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.

«Экскурсиятану» пәні туристік пәндер кешенінде маңызды орын алады, себебі, экскурсия туристік бизнестің маңызды құраушысы болып табылады. Барлық туристік операторлар таным, тәрбие, ой өрісінің дамуын қамтамасыз ететін экскурсиялық қызмет көрсетумен айналысады. Сол себепті, туризм мамандары құрастырылған экскурсиялардың дайындалу, өткізу техникасын сапасы және берілген салада қызмет көрсететін мамандарды бақылау түрлері туралы нақты және дәл түсініктің бар болуы маңызды. Экскурсиялық қызмет халық арасында мәдени ағарту жұмыстың маңызды тарауы.

Оқу экскурсиясы кафедра оқытушыларымен ұйымдастырылып, екреациялық география және туризм кафедрасының студенттері қатысты. Оқу экскурсиясы барысында студенттер Алматы қаласының назар аударарлық орындарымен танысты, оның ішінде, Тәуелсіздік монументі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, 28-панфиловшылар бағы, Қазақ ғылым академиясы және Абай алаңы.

Экскурсия барысында студенттер «Экскурсиятану» пәнін оқып білу нәтижесінде алған біліктіліктерді тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік алды.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы