Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ VIII Азаматтық «Жасыл экономика – Алматының таңдауы» форумына қатысты

18.10.2013

Көрулер: 2975

16 қазанда «Almaty Towers» кешенінде VIII Азаматтық «Жасыл экономика – Алматының таңдауы» атты форумы өткізілді. «Жасыл экономика» мәселесіне арналған форумға Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов төрағалық етті. Форум барысында «жасыл экономика» бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмеге үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар қатысты.

Ғылыми-технологиялық парк Қазақ ұлттық университеті атынан көрменің ұйымдастырушысы болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу институттарының жобалары конкурстық іріктеуден өтіп, көрмеге келесі макеттерді ұсынды:

  • «Шағын жел электростанциясының тиімділігін дайындау, жасау және экспериментті зерттеулер жүргізу» - жоба жетекшісі Т.Кұнақбаев / Математика және механика ғылыми-зерттеу институты;
  • «Төменгі сортты көмірді өңдеудің гибридті радиоционды-плазмалық және кавитационды-гидрогенизационды технологиясын дайындау» - жоба жетекшілері Ж.К. Қайырбеков, В.Е. Мессерле, А.И. Купчишин/ Жаңа химиялық технологиялар және материалдардың ғылыми-зерттеу институты;
  • «Асфальтты бетонды қоспалардың өндірісі үшін мұнай қалдықтарынан қондырғысы» - жоба жетекшілері З.А. Мансұров, Б.К. Түлеутаев, Е.К. Оңғарбаев/ Жану мәселелері институты.

Технопарк