әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары және студенттер – тау шаңғы туризмі бойынша I Еуразиялық форумда

16.10.2013

Көрулер: 2590

Рекреациялық география және туризм кафедрасы оқытушылары мен студенттері 8-9 қазан аралығында Бүкіләлемдік туристік ұйымы (UNWTO) ұйымдастырған тау-шаңғы курорты бойынша I Еуразиялық конференциясына қатысты.

Форумның тақырыбы «Қысқы туризмнің жаңа туристік бағыттарын дамыту». Конференцияға қатысушылар тау-шаңғы туризмінің халықаралық нарығын дамытудың қазіргі жағдайы мен болашағын, осы бағыттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету туралы талқылаулар жүргізді.

Атақты қысқы демалыс орталықтарының жетекші эксперттері және топ-менеджерлері өздерінің заманауи тау-шаңғы курорттарын басқару және тиімді жоспарлау тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның ашылуына Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифаи, Алматы қаласының әкімі А.Есімов, ҚР ИЖТМ туризм индустрия комитетінің төрағасы М.Иғалиев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Рекреациялық география және туризм кафедрасының 1-3 курс студенттері шет ел қонақтарына қызмет көрсетуге еріктілер түрінде қатысты. Конференция студенттерге шет тілін дамытуға және кәсіби біліктіліктерін көтеруге үлкен тәжірибе болды.