Студенттер «Тур Алматы 2013» веложарысқа қатысты

09.10.2013

Көрулер: 2840

2013 жыл 6 қазан күні география және табиғатты пайдалану факультеті, рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері Алматы қаласы әкімдігімен бірге елімізде тұңғыш рет өткізілген 16 әлем елдерінен 150 спортшы қатысқан "Tour Of Almaty 2013" халықаралық веложарысты ұйымдастыруға ерікті түрде қатысты.


Студенттердің міндеттері осы іс шараға қатысқан қала қонақтары және Алматы қала тұрғындарынан сауалнама жүргізу болды. Сауалнама шараның ішкі және шығу туристік ағынның туристік дестинациясы қалыптасуына туризмнің әсерін анықтау болып табылды.