Студенттер «Медеу» мұзайдынының ашылу салтанатының дайындық жұмыстарына атсалысты

03.10.2013

Көрулер: 2433

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 115 топ 1 курс студенттері және куратор-эдвайзер Айжан Құйкабаева «Медеу» мұзайдынының ашылу салтанатының дайындық жұмыстарына атсалысып, көмектесті.

Студенттердің университет табалдырығынан аттаған алғашқы жұмыстарының бірі осындай қаламызды гүлдендіруге бағытталып отырғаны мақтанарлықтай жағдай. Бірінші курс студенттерінің ішіндегі Өзбекстан мемлекетінен келген Мәуленова Нүрилә: «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті атанғаныма өте қуаныштымын. Мен студенттік өмірімнің әр күнін бағалаймын. Қазақстанда жастарға мол мүмкіндіктер жасалған. Алматының табиғаты осындай әсемдігін бүгін көріп отырмын. Сөз жоқ, ҚазҰУ-да «Медеу» мұзайдыны да өте әдемі» - деп қуанышын жеткізді. Медеу мұзайдынына алғаш келген студенттер табиғаттың әсемдігіне таңырқап, осы жердегі судың да дәмі ерекше екендігін атап өтті. Ауаның тазалығы мен табиғаттың әсемдігін қалыптастыру үшін студенттер стадионды тазарту және бояу жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарды. Студенттерге осындай патриоттық мәні бар, отансүйгіштікке тәрбиелейтін жұмыстар жиі болып тұрады. Студенттердің еңбегін Алматы қаласының Медеу ауданының әкімдігі де назарларынын тыс қалдырмай физика техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасына алғыс хат жолдады.