ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері Нұрсұлтан шыңында

05.07.2013

Көрулер: 2883

Іле Алатау тауында жыл сайынғы дәстүр бойынша Астананың 15-жылдық туған күніне арналған «Нұрсұлтан-2013» альпиниадасы өтті. Шараның негізгі мақсаты – рекреация және тау спорт түрлерін, салауатты өмір салтын, тау туризмі және биік тауларға шығу өнерін бұқаралық жаңартуды дәріптеу және насихаттау.

Тауға шығушылар қатарында – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қызметкерлері, оқытушылары және студенттері. Маршрут қауіпсіздігін альпинизм және жартасқа өрмелеу спорт клубының спортшы –разрядшылары мен инструкторлары қамтамасыз етті.

Бұл шараға, қазіргі кезде халықаралық болып саналатын бұл шараға рекреациялық география және туризм кафедрасы 2001 жылдан бастап қатысып келеді. Бұл жолы кафедра туы айбынды шыңда желбіреді. Шыңға шығушыларға естелік сертификаттар табыс етілді.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы