Сандық телеарна қалыптасу кезеңіндегі ақпараттық құқық тақырыбына өткен дөңгелек үстел

20.04.2009

Көрулер: 3863

7 сәуірде журналистика факультетінде телевизия саласындағы мамандардың басын қосқан «Сандық телеарна қалыптасу кезеңіндегі ақпараттық құқық» атты дөңгелек үстел өтті. Пікірталасқа қатысуға Интерньюс агенттігінің атқарушы директоры Маржан Елшібаева мен басқа өкілдері, «Зауалдағы журналист» қорының президенті Розлана Таукина, Қазақстанның Ұлттық телерадиохабартаратушылар Ассоциациясының директоры Шолпан Жақсыбаева және т.б. журналистика майталмандары шақырылды.

Профессордың қазір бүкіл әлем жаппай қабылдап жатқан сандық телеарна мәселесінің көршілес қос елдегі жай-күйі мен перспекивалары туралы баяндамасы жиналған қауымның қызығушылығын тудырды. Андрей Рихтер сандық хабар таратуға көшу жөнінде аудиторияны қалай сендіруге болады, халықтың оған қолжетімділігін қамтамасыз ету, сандық сигналдарды қандай әдіспен тарату қажет, сандық хабар таратуды енгізу ісінде үкімет қандай қадамдар жасау керек сияқты транзиттік кезеңнің бірқатар мәселелеріне тоқталды. Профессор сонымен қатар сандық телеарнаның дүниеге келу тарихы, шетелдегі сандық хабар таратуға өту жолы мен «жаңа телевидениенің» әлемдік дамуындағы заңнамалық ерекшеліктері жайлы әңгімеледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы сандық хабар таратуға ауысудың қарқыны жайлы егжей-тегжейлі баяндап, комментарий білдірді. Интерньюс заң жобасының жетекшісі Нұржан Бейсембаевтың пікірінше, біздің ел бұл үрдіске көшу кезеңін бастан кешіруде. Ұлттық телерадиохабартаратушылар Ассоциациясының директоры Шолпан Жақсыбаева сандық хабар таратуды «ең алғаш кезекте адамдарға - таратушылар мен көрермендерге - қатысты техникалық төңкеріс» деп атады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі