ҚазҰУ-да ресейлік Ақпараттық құқық мәселелері институтының директоры журналист Андрей Рихтер дәріс оқыды

17.04.2009

Көрулер: 3629

Танымал журналист, заңгер, БАҚ саласындағы заңнама сарапшысы, «Заңнама және масс-медиа тәжірибесі» айлық журналының (Мәскеу) редакторы, Халықаралық заңгерлер комиссиясының мүшесі (ICJ, Женева), Халықаралық бұқаралық байланыс зерттеушілерінің ассоциациясы мүшесі Андрей Рихтер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде студенттер, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқу мақсатында Алматыға келді.

4-8 сәуір аралығында журналистика факультетінің студенттері мен оқытушылары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жетекші профессоры, отандық БАҚ тарихы кафедрасының меңгерушісі, «Журналистиканың құқықтық негіздері» оқулығының авторы болып табылатын Андрей Рихтердің дәрістері мен шеберлік мектебіне қатыса алды.

Профессордың дәрістері мен кеңестері қазіргі БАҚ-тың құқықтық негізіне байланысты көкейтесті мәселелері, Интернет-журналистика және шетелдік масс-медиа төңірегінде өрбіді.

Андрей Рихтер «Ресей мен Қазақстанның ақпараттық заңнамасы» тақырыбында дәріс оқыды. Тақырыптық тұсаукесерден кейін қыза түскен пікірталас студенттердің БАҚ-тағы құқықтық реттеуге деген қызығушылығын көрсетті. Профессордың Интернет-журналистика мәселелері жөніндегі электронды дәрісі де қатысушыларды бей-жай қалдырмады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі