Халық банктің атаулы стипендиясының конкурсы

22.05.2012

Көрулер: 1676

АҚ «Қазақстан Халық банкінің» Алматы облыстық филиалы Алматы қала ЖОО-ларының қаржы-экономикалық мамандықтарының 2012-2013 оқу жылының 2-3 курс үздік студенттері үшiн Банктің атаулы стипендиясын беруге конкурс өткiзуді жариялайды.

Байқауға қатысатын студенттер Алматы облыстық филиалының кадр бөліміне 1-ші шілдеге дейін мына мекен жай арқылы хабарласа алады: Розыбақиев көшесі 97, каб. 404, тел. 2597270, 2447991.

Байқауға керекті құжаттар тізімі:

1) Түйіндеме суретімен;

2) Жеке куәліктің көшірмесі;

3) Факультет деканының қолымен бекітілген, факультет мөрі бар сынақ кітапшасының көшірмесі немесе транскрипт

4) Ғылыми жұмыстардың, конференцияға қатысқан болса дипломдардың көшірмесі.

Сонымен қатар жоғарыдағы құжаттарды факс арқылы 392-01-30 немесе Kasenova_Z@halykbank.kz; ALMAA@halykbank.kz поштаға жіберуіңізді сураймыз.

Мансап және бизнес орталығы