Европалық деңгей

21.09.2020

Көрулер: 2962

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректор Ғ.Мұтанов пен Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Р. Шабановичтің кездесуі өтті, онда тараптар жоғары оқу орындары арасындағы алмасу бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көп жылдар бойы Хорватияның екі жоғары оқу орнымен, атап айтқанда Дага Хаммаршельд университетімен (қатынастар және дипломатия колледжі) және Сплит университетімен Еуропалық Одақтың «Эрасмус+» бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастық орнатқан. «Мен ҚазҰУ туралы алғаш ақпараттан құлағдар болған кезде, сіздердің ЖОО-да он алты факультетте білім алып жатқан студенттер саны жиырма мыңнан асатынына таң қалдым. Бұл еуропалық деңгей», - деп атап өтті Р.Шабанович.

Хорватия мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы академиялық алмасу бағдарламасы 2017 жылдан басталды. Осы жылдар ішінде Хорватиядағы жоғары оқу орындарына ҚазҰУ-дың физика-техникалық, механика-математика факультеттерінен және экономика және бизнес Жоғары мектебінен үш оқытушы, төрт магистрант және бакалаврдан төрт студенті академиялық алмасу бағдаламасы бойынша келді.

«Біз, елдеріміздің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың фармацевтика және медицина сияқты пәндердің дамуына ықпал етуіне мүдделіміз. Жақында, бес жыл бұрын ҚазҰУ-да медицина факультеті ашылып, бүгінде біз Қытай университеттерімен тығыз қатынастарға қол жеткіздік. Енді Еуропамен осы бағыт бойынша көпір ынтымақтастығын орнатуды көздеп отырмыз. Әсіресе, заң саласымен байланысты салаларда», – деді Ғалым Мұтанов.

Тараптар осы бағытта ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне баса назар аударды. Халықаралық тәжірибе алмасу Қазақстан мен Хорватияның білім деңгейінің сапасын арттыруға ынталандырады.

www.kaznu.kz