HERE Technologies өкілімен өткен кездесу

20.02.2019

Көрулер: 3537

География және табиғатты пайдалану факультетінде "Геодезия және картография" мамандығында оқитын студенттер "HERE Technologies" компаниясының аймақтық өкілі Ажар Нұртазинамен кездесті.

Шарада "Community Challenge 2019" сандық картография саласындағы халықаралық студенттік байқау туралы презентация көрсетілді. Студенттік байқаудың негізгі мәні өндірістік тәжірибе кезінде Map Creator бағдарламасында нақты жердің сандық карталарын өңдеуге бағытталған. Модератордың тапсырмасы бойынша студенттер осы жер картасының 5000 қашықтықтағы нүктесін цифрлау бойынша арнайы тапсырманы орындап, жұмысты сәтті аяқтаған студенттерге сертификат табысталды. Егер студент тәжірибеден өту кезінде 7000 немесе одан да көп нүктеге дейін цифрлау жасайтын болса, оның кәсіпорны 2019 жылы Сочиде өтетін цифрландыру саласындағы халықаралық байқауға қатысу үшін барлық қаржы шығындарын өтеумен ұсынылатын болады.

Цифрландыру бойынша халықаралық конкурсқа қатысу кезінде тәлімгерлер басқа елдердің студенттерімен мобильді қосымшалар арқылы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Шара соңында картография және геоинформатика кафедрасы және "HERE Technologies" компаниясының өкілі Ажар Нұртазина сандық картография саласында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау бойынша бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді.

                                              Картография және геоинформатика кафедрасы

 

www.kaznu.kz