V жазғы спартакиаданың алғашқы жеңімпаздары

11.02.2019

Көрулер: 3288

 жазғы спартакиаданың алғашқы

Астанада өткен Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес Жоғары мектебінің ІІІ курс студенті Гауһар Алмагамбетова үстел теннисінен командалық жарыста бір күміс және жұптық есепте қола медальдерін жеңіп алды. Бұл ҚР ЖОО Универсиадасының көктемде өтетін жарыстарының алдында қол жеткізілген жақсы нәтиже. Спортшының жаттықтырушысы ҚазҰУ-дың «Салауатты өмір салты» (СӨС) орталығының аға оқытушысы Қуаныш Жаркешев.

Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы биылғы жылдың ең маңызды спорттық оқиғаларының бірі және ол төрт жылда бір рет өткізіледі. Биыл жарыс 29 қаңтардан басталып, 10 тамызға дейін еліміздің ірі қалаларында жалғасады. Барлық өңірлердің мықты спортшылары спорттың қырық түрінен бақ сынасады.

ҚазҰУ-дың жаттықтырушысы Қуаныш Жаркешевтің пікірінше, ауқымды жарыстар облыс-аймақтар бойынша үздік спортшыларды анықтауға септігін тигізіп және олардың арасынан 2020 жылы Токиода (Жапония) өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ең мықтылары іріктеледі.

www.kaznu.kz