«Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы» тақырыбы талқыланды

25.01.2019

Көрулер: 3804

24 қаңтар күні Әл-Фараби" атындағы кітапханада «Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы» атты дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мырза және климаттың өзгеруі саласында мамандар (РМК «Казгидромет», ЖШС «География институты», академик У.М. Султангазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты) және метеорология және гидрология кафедрасының ғалымдары мен студенттері қатысты.

Университет ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов алғашқы құттықтау сөзінде дөңгелек үстел тақырыбының өзектілігін атап кетіп және Жер беті атмосферасы температурасының апатты жоғарылауын болдырмау мақсатында халықаралық ұйымдарды қатыстырып отырған Франция Республикасына үлкен алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Филипп Мартинэ мырза өзінің баяндамасында Францияның тартымтылығы, талқыланып жатқан тақырыптың маңыздылығы, сонымен қатар, климаттың өзгеру саласында студенттердің академиялық ұтқырлық аясында алмасу мүмкіндіктері жайлы атап кетті.

Дөңгелек үстел барысында мамандар Қазақстанда климаттың өзгеруінің заманауи тенденциялары, қауіпті факторлар мен оларға қатысты тұрақтылықты жоғарлату шараларын талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын көтеру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту, идеялармен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларға қатысу және Қазақ ұлттық университеті негізінде «Қазақстан-Франция» ғылыми-техникалық орталық құру ұсынылды.

 

Метеорология және гидрология кафедрасы